BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Айналымда жүрген карталардың 41%-ы ғана тұрақты пайдаланылады

Астана. 5 қараша. Baq.kz - Қазақстанда бір жыл ішінде төлем карталары 3 миллионға көбейді. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша айналымдағы карталар саны 14,6 миллионды құрайды. Жаңа карталар эмиссиясының қарқыны төлем инфрақұрылымына жаңа қолданушыларды тарту қарқынынан жоғары болып тұр. Қолданыстағы карталардың саны 2013-2012 жылдардың қыркүйектері аралығында 110 мыңнан 6 миллионға дейін өскен. Қолданыстағы карталардың айналымдағы барлық карталардағы үлесі кейінгі бір жыл ішінде 51-ден 41%-ға төмендеген. Дебеттік карталардың әрбір екіншісі жиі қолданыста болса, кредиткалардың тек әрбір сегізіншісі ғана қолданыста, - деп Ranking.kz порталы жазады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер