BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

9 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасы KASE Startup алаңын іске қосады

Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2018 жылдың 9 сәуірінде Биржа KASE Startup алаңын іске қосады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

KASE Startup дегеніміз – интернет-алаң, оның негізгі мақсаты - стартап-компаниялар мен инвесторлар арасында коммуникация орнату болып табылады. Сонымен қатар, инвесторлардың стартап-компанияларды қаржыландыру аясында мәміле жасауы KASE сауда-саттық инфрақұрылымын пайдалану арқылы және тараптар арасында тікелей жүруі мүмкін.

KASE Startup алаңының қызметі "KASE Startup алаңына жіберілу ережесі" және "Мәміле жасау тәртібі және KASE Startup алаңында есептеулерді іске қосуды жүзеге асыру туралы қағидасы" атты Биржаның ішкі құжаттарымен реттеледі. Аталмыш құжаттармен мына мекенжайда танысуға болады:

- http://kase.kz/files/mix/rules_startup.pdf
- http://kase.kz/files/mix/regulation_deals_settlements_startup.pdf

Алаңда келесі қатысушылардың санаты болады:

- стартаптар – ЖШМ ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды
тұлғалар;
- инвесторлар – жеке және заңды тұлғалар;
- аккредитацияланған алаң мүшелері – алаңға жіберу кезінде стартаптарға қолдау көрсететін жеке және заңды тұлғалар (менторлар, бизнес-инкубатор және т.б).

KASE Startup алаңының міндеттері:

- стартап туралы ақпараты бар мәліметтер базасын құру;
- әлеуетті инвесторлардың мәліметтер базасын құру;
- корпоративтік басқаруға оқыту және бастаушы кәсіпкерлердің кеңесі;
- ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына шығу арқылы
қаржыландыру алуға стартап әзірлеу.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер