BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2019 жылы қандай бағалы металға инвестиция құюға болады

Астана, BAQ.KZ. Биылғы бағалармен салыстырғанда 2019 жылдың І тоқсанында бағалы металдардың құны айтарлықтай қымбаттамайды. Бұл туралы LS порталына «Открытие Брокер» тауар нарығы бойынша сарапшы Оксана Лукичева айтты.

Оның айтуынша, бұл аралықта алтынның бір унцияға бағасы $1252, күміс $14,80 доллар болады.

«Бағалы металдар нарығына әсер ететін негізгі фактор – АҚШ Федералды резерв жүйесінің саясаты. Егер келесі жылға пайыздық мөлшерлемесі мен бағаларды келер жылдың соңына қарай көтеруді аралыстырып жіберсе, бағалы металдар нарығы мықты қолдау алады», - деді сарапшы.

Лукичева алтынға инвестицияны унциясына $1200 болғанда, $1300-ге дейін көтеріледі деген сеніммен құюға болатынын ескертті. Ал күміске инвестиция құймаған жөн. Себебі өнеркәсіптік қолданыстың үлесі өте жоғары.

Сонымен қатар, сарапшы алтынға деген сұраныс проинфляцилық экономикада, сондай-ақ санкция немесе геосаясат қысымына тап болған аймақтарда жоғары болатыны байқалатынын айтты.

«Азия, Еуропа және АҚШ-та Федералды резерв жүйе ақша-несиелік саясатын жұмсартуға байланысты сұраныс артады», - деп түйіндеді сөзін Лукичева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер