BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2019 жылдан бастап қай санаттағы дәрігерлердің жалақысы көтеріледі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева 2019 жылдан бастап алашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін дәрігерлердің жалақысы қандай жағдайда 20%-ға дейін көтерілетінін айтты.

«Біріншіден, ауруларды басқарудың жаңа технологиясын меңгергені жөнінде сертификаты бар, бірқатар ауруларды 20 проценттен кем емес қамтыған, патронаж қызметінің жаңа моделін енгізген алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлері болуы тиіс. Аймақтарда оқыту жүргізіліп жатыр. Келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап алғашқы санитарлық көмек дәрігерлерінің белгілі бір тобының жалақысын көтеру басталады», - деді вице-министр «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдарының республикалық форумында мәлімдеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер