BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2018 жылы қазынаға 3 млрд теңге қайтарылды

2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылдың І тоқсанында Қазақстанда бюджет қаржысының үш есе көп жымқырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Мұнымен қатар, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың 7% қысқарғаны белгілі болды. Бұл көрсеткіштер туралы 2018 жылдың І тоқсанын қорытындылау отырысында айтылды. Агенттік ақпаратына сүйенсек, осы уақыт аралығында қазынаға 3 млрд теңге қайтарылды. Кәсіпкерлік саласына 85 заңсыз кірігу фактісі тіркелді. Сондай-ақ, темір торға қамалғандардың саны да екі есе қысқарды.

«Қоғамдық бақылау мен жемқорлыққа қарсы істерге белсенді азаматтарды көптеп жұмылдыру үлкен рөл атқарады. 2017 жылы Қазақстанның жемқорлықты қабылдау индексінде тарихи максимумге жетуі жемқорлықпен күрес саясаты мен жұмыс темпінің қалыптасуының әсерлілігін көрсетеді», - дейді Алик Шпекбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер