BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2018 жылы қаңтар-наурызда Қазақстанда инфляция 1,8% құрады

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы үш айда (2018ж. наурыз 2017ж. желтоқсанға) – 2,2%, азық-түлік емес тауарларына – 1,3%, ақылы қызметтерге 1,7%а өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жылдың басынан (2018ж. наурыз 2017ж. желтоқсанға) бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге – 14,3%, картопқа – 6,9%, жаңадан жиналған жемістерге – 6,8%, консервіленген сүтке – 3,5%, мәйекті ірімшікке – 2,9%, қышқыл сүт өнімдеріне – 2,8%, жаңа сауылған сүтке, кофеге – 2,5%-дан, сары майға 2,4%, сүзбеге – 2,1%, жылқы етіне, ет өнімдеріне – 1,9%-дан, сиыр етіне – 1,7%, шұжықтарға – 1,5%, шошқа етіне – 1,4%, салқындатылған сусындарға – 1,2%, жеміс және көкөніс шырындарына 1,1% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 12,6%, жұмыртқаға – 1,1%, күрішке, қара шайға – 1%-дан, құс етіне 0,8% тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге – 1,9%, фармацевтикалық өнімдерге – 1,8%, жеке қолданатын тауарларға – 1,7%, тұрмыстық аспаптарға – 1,6%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 1,4%, тоқыма бұйымдарына – 1,3%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 1,2%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 1,1%, киім және аяқ киімге, кітаптарға 1%-дан құрады. Бензин – 2,2%, баллондағы сұйытылған газ – 1,7%, дизель отыны – 1,3%, тас көмір 0,5% қымбаттады.

Баға деңгейі құқықтық қызметтеріне, көлiк құралдарын сақтандыру – 6%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 3,2%, денсаулық сақтау – 2,6%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 2,4%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 1% өсті. Жолаушылардың теміржол көлігімен, ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы – 3,1%-дан, қалааралық – 2,6% қымбаттады, ал әуе көлігімен 8,5% арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға, ыстық суға – 3,5%-дан, электрэнергиясына – 3,4%, қоқыс шығаруға – 3%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 2,2%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,9%, суық суға – 0,9%, кәрізге 0,8% жоғарылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер