BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2018 жылғы қаңтар-маусымда инфляция 2,6% құрады

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы алты айда (2018ж. маусым 2017ж. желтоқсанға) – 2,9%, азық-түлік емес тауарларына – 2,5%, ақылы қызметтерге 2,4%-ға өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

пайызбен, өсуі, төмендеуі

2018ж. маусым

2018ж. қаңтар-маусым 2017ж. қаңтар-маусымға

2018ж.

мамырға

2017ж. желтоқсанға

2017ж.

маусымға

2015ж.

желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,2

2,6

5,9

19,2

6,4

Азық-түлік тауарлары

-0,1

2,9

4,2

20,2

5,2

Азық-түлік емес тауарлар

0,4

2,5

8,4

22,2

8,5

Ақылы қызметтер

0,3

2,4

5,5

15,0

5,8

Ағымдағы жылдың басынан (2018ж. маусым 2017ж. желтоқсанға) бағаның өсуі қырыққабатқа – 49,1%, тәтті бұрышқа – 22,5%, қызылшаға – 18,3%, сәбізге – 16,4%, құмшекерге – 11,9%, жаңадан жиналған жемістерге – 9,6%, картопқа – 7,6%, мәйекті ірімшікке – 7%, консервіленген сүтке – 6,2%, ірімшік және сүзбеге – 5,5%, кофеге – 5,2%-ға, сары майға, қышқыл сүт өнімдеріне – 4,1%-дан, ет өнімдеріне – 3,7%, жылқы етіне – 3,5%-ға, қой етіне, сиыр етіне 3,4%-дан, жаңа сауылған сүтке – 3,3%, басты пиязға – 3,2%, шошқа етіне 2,9%-ға белгіленді.Бағаның төмендеуі қиярға – 41,1%, қызанаққа – 24,2%, қарақұмық жармасына – 19%, сарымсаққа – 18,4%, жұмыртқаға – 10,6%, құс етіне – 1,9%, қара шайға 1,5%-ға тіркелді.

Баға өсімі кітаптарға – 4,5%, фармацевтикалық өнімдерге – 3,7%, автомобильдерге – 3,3%, құрылыс материалдарына – 3,2%-ды, тұрмыстық аспаптарға, киім және аяқ киімге –3,1%-дан, жеке қолданатын тауарларға, тоқыма бұйымдарына – 2,8%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 2,7%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 2,6%, жуғыш және тазалағыш құралдарға 2,4%-ды құрады. Дизель отыны – 7,5%, баллондағы сұйытылған газ 4,2%-ға қымбаттады, ал бензин 1,3%-ға арзандады.

Баға деңгейі құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 6%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 4,6%, ойын-сауық паркі қызметтеріне – 4%, санаторийлер қызметтеріне – 3,7%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 3,5%, ұялы байланыс қызметтеріне – 3,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 2,7%, кабельдік телевизия қызметтеріне 2,3%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы – 15,6%, қалааралық автобус – 4,9%, темір жол көлігімен – 3,6%, ішкі қалалық автобуспен 3,1%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына, орталықтан жылытуға – 3,5%-дан, қоқыс шығаруға – 3%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 2,3%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,9%, суық суға – 1,8%, кәрізге 1,6%-ға жоғарылады.

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2018 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі 37,8%, азық–түлік емес тауарлар – 30,1%, ақылы қызметтер – 32,1%–ды құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер