2018 жылы қаңтар-мамырда инфляция 2,4% құрады - Қаржы|08 Маусым 2018, 12:11
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

2018 жылы қаңтар-мамырда инфляция 2,4% құрады

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы бес айда (2018 ж. мамыр 2017 ж. желтоқсанға) – 2,9%, азық-түлік емес тауарларына, ақылы қызметтерге 2,1% өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың басынан (2018 ж. мамыр 2017 ж. желтоқсанға) бағаның өсуі тәтті бұрышқа – 38,7%, қырыққабатқа – 31,8%, қызылшаға – 15,1%, картопқа – 11,1%, жаңадан жиналған жемістерге – 9,7%, сәбізге – 7,8%, құмшекерге – 6,5%, мәйекті ірімшікке – 6,2%, консервіленген сүтке – 5,2%, ірімшік және сүзбеге – 4,7%, кофеге – 4,6%, сары майға, қышқыл сүт өнімдеріне – 3,8%, жылқы етіне – 3,4%, қой етіне, ет өнімдеріне – 3,1%, жаңа сауылған сүтке, сиыр етіне 3% белгіленді. Бағаның төмендеуі қиярға – 20,7%, қарақұмық жармасына – 18,2%, сарымсаққа – 7,3%, жұмыртқаға – 5,8%, құс етіне – 2%, қара шайға 1,8%тіркелді.

пайызбен, өсуі
2018 ж. мамыр 2018 ж.
қаңтар-мамыр
2017 ж.
қаңтар-мамырға
2018 ж.
сәуірге
2017 ж.
желтоқсанға
2017 ж.
мамырға
2015 ж.
желтоқсанға
Тауарлар мен қызметтер 0,2 2,4 6,2 18,9 6,5
Азық-түлік тауарлары 0,1 2,9 5,1 20,2 5,4
Азық-түлік емес тауарлар 0,4 2,1 8,4 21,8 8,5
Ақылы қызметтер 0,2 2,1 5,3 14,7 5,9

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге – 3,4%, автомобильдерге – 3,1%, тұрмыстық аспаптарға – 2,7%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 2,6%-ға, құрылыс материалдарына, жеке қолданатын тауарларға, киім және аяқ киімге – 2,5%-дан, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 2,1%-ға, жиһаз және үйге қажетті заттарға, тоқыма бұйымдарына – 1,9%-дан, кітаптарға 1,7%-ды құрады. Дизель отыны – 5,2%, баллондағы сұйытылған газ 2,8%-ға қымбаттады, ал бензин 0,7%-ға арзандады.

Баға деңгейі құқықтық қызметтеріне, жеке көлiк құралдарын сақтандыру – 6%-дан, денсаулық сақтау – 3,4%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 3,2%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 2,7%, кабельдік телевизия қызметтеріне 2,3%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы – 6%, қалааралық автобус – 3,6%, темір жол көлігімен – 3,5%, ішкі қалалық автобуспен 3,1%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына, орталықтан жылытуға – 3,5%-дан, қоқыс шығаруға – 3%, ыстық суға – 2,4%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 2,3%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,9%, суық суға – 1,6%, кәрізге 1,4%-ға жоғарылады.

k01-06-2018-1

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2018 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі 37,8%, азық–түлік емес тауарлар – 30,1%, ақылы қызметтер – 32,1%–ды құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер