BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2017 жылы Алматыда 1,7 млрд теңгеге заңсыз алкоголь сатылған

2017 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда алкоголь өнімдерінің заңсыз сатылуы 40 есе өсті. Яғни өткен жылы 1,7 млрд теңгеге заңсыз алкоголь сатылған. Бұл туралы Мемлекеттік кіріс департаменті жетекшісінің орынбасары Қанат Балтабеков айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Kapital.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өткен жылы экономика саласындағы олқылықтарға байланысты тексеру жұмыстарын бастаған едік. Бүгінгі таңда Алматыда арақ индустриясы дамымай отыр. Яғни аталған қала өзі арақ өндірмейді. Десе де, бұл қалада басқа аймақтармен салыстырғанда арақ саны көп. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 2 млн шөлмектің 1,69 млрд теңгеге заңсыз сатылғаны белгілі болды. Бұл көрсеткіш 2016 жылдан бері 40 есе өсті. 14 жерасты цехына қатысты 36 қылмыстық іс қозғалды», — дейді Қанат Болатбеков.

Мұнымен қатар, 94,4 млн теңгеге темекі өнімдерінің сатылғаны анықталды.

2017 жылы 1,695 трлн теңге салық жиналды. Осы сомадан 1,323 трлн теңге республикалық бюджетке, 372 млрд теңге Алматының жергілікті бюджетіне аударылды. 2016 жылмен бюджетке келіп түскен ақша 102 миллиардқа көбейіп, өсім 106%-ды құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер