BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2012 жылдың үздік банкноты - 5000 теңге

Астана. 11 желтоқсан. Baq.kz - 2013 жылғы 3 желтоқсанда Лондон қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін «2012 жылдың үздік банкноты» номинациясында марапаттау рәсімі өткізілді, оған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Қ.Н. Келімбетов қатысты. Бұл туралы Baq.kz тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш марапатты ағымдағы жылдың мамыр айында Халықаралық банкнот қоғамдастығы (International Bank Note Society) 2012 жылдың үздік банкноты үшін тағайындады.
Халықаралық банкнот қоғамдастығы 2012 жылы бүкіл әлем бойынша шығарылған 100-ден астам жаңа банкноттың ішінен 2011 жылы шығарылған жаңа дизайндағы номиналы 5 000 теңгелік Қазақстан банкнотын жеңімпаз ретінде таңдай отырып, купюраның дизайны мен идеологиясын, сол сияқты оның техникалық тұрғыдан орындалуы мен қорғалуын үздік деп таныды.
Халықаралық банкнот қоғамдастығы – бүкіл дүние жүзінен банкнот жинаушылардың тәуелсіз бірлестігі, олар жыл сайын өздерінің www.theibns.org.сайтында интернет-дауыс беру арқылы жылдың үздік банкнотын таңдайды. Бұл коммерциялық емес білім беру ұйымының мақсаты – білім беру, ғылыми және тарихи аспектілерде бүкіл дүние жүзінен банкноттар мен қағаз ақшасын зерделеу. Қоғамдастық мүшелері 90-нан астам елдердің сарапшылары болып табылады. Бүгінгі күні қоғамдастықтың 2 000-нан астам мүшесі бар.
Марапаттың маңыздылығы жеңімпазды таңдаудың қандай да болмасын банкнотты алға шығаруға мүдделі емес адамдардың жүзеге асыруында және ол дизайнның эстетикалық әсеріне, басып шығару сапасына және қолдан жасаудан қорғау тәсілдеріне негізделеді.
5 000 теңгелік банкнот 2011 жылғы 30 желтоқсанда шығарылды. Банкноттың дизайнын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дизайнерлері жасады. Банкнот Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасында басып шығарылды.

 

Мөлдір АСҚАР 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер