BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2005 жылдан берi Қазақстанға 200 млрд доллар инвестиция тартылған - Ә.Исекешев

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

2005 жылдан берi Қазақстанға 200 млрд доллар шетелдiк инвестиция тартылған. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрi Әсет Исекешев «Инвестицияларды қорғаудың институционалдық тетiктерiн жетiлдiру. ҚР-ның инвестициялық даулар және төрелiк туралы заңнаманың жаңашылдықтары» атты дөңгелек үстел барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды Baq.kz.

«Елбасымыз инвестициялық саясатқа, мемлекеттегi бизнес климатты жақсартуға үлкен көңiл бөлiп келедi. Инвесторлар үшiн ең маңызды мәселелердiң бiрi - инвестицияларды қорғау. Статистикаға сүйенсек, 2005 жылдан берi Қазақстанға 200 млрд доллардан астам тiкелей шетелдiк инвестиция тартылды. Соңғы кезде бiз өңдеу өнеркәсiбi саласындағы инвестицияларға басымдық берiп отырмыз. Соңғы 6 жылда елiмiздiң өңдеу өнеркәсiбi саласына 20 млрд доллардан астам инвестиция тартылды. Бұл тәуелсiздiк алғаннан берi өңдеу өнеркәсiбi саласына құйылған барлық инвестициялардың 7,7 пайызы», - дедi Ә.Исекешев.


Атап өтсек, дөңгелек үстелге Президент Әкiмшiлiгi, мемлекеттiк органдардың басшылары, судьялар, Парламент депутаттары, Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңес мүшелерi, басқа да лауазымды тұлғалар мен «Теңiзшевройл», «Лукойл», «Қазақмыс корпорациясы», «Шұбаркөл көмiр» мен басқа да елiмiздегi iрi инвесторлардың өкiлдерi қатысып отыр.
Дөңгелек үстел шеңберiнде инвестициялық дауларды шешудiң мәселелерi мен келешегi, инвесторлардың мәртебесiн анықтау, инвестицияларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етудегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың рөлi, салық даулары бойынша сотқа дейiнгi аппеляцияның тетiктерiн қайта қарау, жер қойнауын пайдалану туралы заңнама бойынша мәселелер қаралуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер