BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

20 мың теңгелік банкнот жыл соңына дейін айналымға енеді (ФОТО, ВИДЕО)

Астана. 15 қараша. Baq.kz – ҚР Ұлттық банкінің төрағалығына жуырда сайланған Қайрат Келімбетов жыл соңына дейін 20 мың теңгелік жаңа ұлттық валютамыздың айналымға енгізілетінін мәлім етті.

Бас банкир ең үлкен банкноттың бейнесін әзірге құпия сақтауды жөн көріп отыр. Бұл купюра әуелде шектеулі тиражбен шығарылады. Биылғы жылы ұлттық теңгеміз жиырма жылдығын атап өтеді. Ал жаңадан шығып отырған теңгенің бетінде банктің бұрынғы басшысы Григорий Марченконың қолы қойылған.
Марченко журналистерге берген соңғы сұхбаттарының бірінде жаңа теңгенің түсі сұр болатынын айтқан. Ал Келімбетовтің қолы қойылған банкноттар келер жылы шығатын купюраларға қойылады. Ұлттық банктің бұрынғы басшысының айтуынша, 20 мың теңгелік купюраның шығарылуы валютамыздың құнсыздануына түк қатысы жоқ көрінеді. Бұған бола шу шығарудың қажеті жоқ деген еді.

 

Ғабит ҚАРАБАЙ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер