BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ж.Қасымбек: Биыл сомасы 700 млрд теңге болатын 100-ден астам жоба жүзеге асырылады

Фото: Кенжетай Ақсейітов

Бүгінгі алқа мәжілісі аясында Жеңіс Қасымбек ҚР Инвестициялар және Даму министрлігінің негізгі бағыттар бойынша 2016 жылы атқарған жұмыс қорытындылары мен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тарсырмаларын жүзеге асыру жөнінде баяндама жасады, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Министр өз баяндамасында 2016 жылы индустрияландыру саясатының арқасында дағдарысқа қарамастан өңдеу өнеркәсібіндегі өнім 0,7%-ға артқанын жеткізді.

"Бұл түсті металлургия (+8,5%), қара металлургия (+3,3%), фармацевтика (+2,5%), және электротехника (+2,5%) өсімінің есебінен жүзеге отыр. Дегенмен, машина жасау саласында көрсеткіштердің төмендегені байқалды. Себебі, тұтынушылар сұранысы және өндіруші компаниялар тарапынан жөндеу жұмыстарына қызмет көрсету сұранысы азайды (-15,0%). (Әсіресе «жөндеу және машина мен қондырғыларды орнату секторы» (-19,6%) және «автомобиль құрастыру» (-26,2%))" - деді министр.

Индустрияландыруға арнайы тоқталған Жеңіс Қасымбек салаларды тұрақтандыру үшін Үкімет 2016 жылы электр энергиясы мен тасымалдауға жеңілдетілген тариф енгізілгені туралы айтты.

"Осының нәтижесінде бірқатар импорттық баж төмендеді, жүйе құраушы кәсіпорындармен келісімшарт бекітуге көмек көрсетілді, теміржол техникалары мен басқа да өндірістер қаржыландырылды. 2016 жылы Индустрияландыру картасы аясында құны 878 млрд. теңге болатын 130 жоба іске қосылып, 10 мың тұрақты жұмыс орыны ашылды" - дейді министр.

Карта жобалары өткен жылы 2,2 трлн. теңгенің өнімін өндірді. Оның 1,4 трлн. теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Бұл – жалпы сектордың 18%-дан астамын құрайды.

"Биыл жалпы сомасы 700 млрд. теңге болатын 100-ден астам жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде 25 жоба бірінші жарты жылдықта іске қосылмақ. Бұл жобалар арқылы тағы да 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Жалпы, өнеркәсіп жаңа жағдайларға, теңгенің жаңа бағамына бейімделді. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша біз өңдеу секторының өсімін 2,5%-ға дейін қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз" - деді Жеңіс Махмұтұлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер