BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жыл басынан бері елімізде миллионнан астам адам әуе тасымалын тұтынған

Қазақстандағы әуе тасымалы бойынша 2018 жылдың алғашқы үш айында миллионнан астам адам тасымалданған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасының авиациялық тасымал саласындағы жолаушылар ағынының өсімі артып келеді. Биылғы қаңтар-ақпан айларында әуе тасымалы жолаушыларының саны 1 090,3 мыңға жетті, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда (911,0 мың адам) 20%-ға артық" - деп мәлімдеді ИДМ баспасөз қызмет.

Өткен жылы әуе көлігімен 7,4 миллион жолаушы тасымалданды. 2017 жылғы жолаушылар ағынының өсу қарқыны 23%-ды құрап, соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Транзиттік жолаушылар тасымалы 30%-ға, жүк тасымалы 24%-ға артқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер