BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жеңіс Қасымбек ИДМ-нің алда атқарар міндеттеріне тоқталды

Фото: Кенжетай Ақсейітов

Бүгін ИДМ басшысы Жеңіс Қасымбек алқа мәжілісінде өткен жылды қорытындылап, Елбасы Жолдауының министрлікке қатысты тұстарына жеке-жеке тоқталды, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысы «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты Қазақстан халықына Жолдауында төртінші өнеркәсіп революциясының (Индустрия 4.0) элементтерін енгізу арқылы экономиканың технологиялық модернизациясын жеделдетуге ерекше көңіл бөлді» - дейді министр өз сөзінде.

Жүргізіліп жатқан индустрияландыру бағдарламасының аясында «Индустрия 4.0» өнеркәсіп салаларын трансформациялау үшін алдыңғы қатарлы ақпараттық коммуникациялық технологияны кеңінен қолдану қажет.

Мемлекет басшысы бірнеше рет атап көрсеткендей, индустрияландырудың негізгі өзегі кәсіпорындарда еңбек өнімділігін арттыру.

Бүгінгі таңда сандық технологияны кең ауқымда енгізбей мұны орындау мүмкін емес.

«Бұл мәселелердің күрделілігінен біз Индустрия 4.0 технологиясының Қазақстан үшін қосымша мүмкіндіктер әкелетінін көреміз. Осының арқасында шағын ішкі нарық, теңіз сауда жолдарының қашықтығынан шыға алмау, білікті жұмыс күшінің тапшылығы сияқты объективті факторлардың әсерін төмендете аламыз» - дейді Жеңіс Қасымбек.

Сондықтан, Индустрия 4.0 технологиясының элементтерін белсенді түрде енгізу мақсатында Министрлік биылға және келесі жылға қадамды жоспар әзірледі.

«Бірінші кезекте, бізге Қазақстан жағдайында Индустрия 4.0 технологиясының мәні мен маңызын қалыптастыру мәселесі тұр. Бұл үшін биыл халықаралық тәжірибеге сәйкес ағымдағы жағдайға толыққанды сараптама жасаймыз және Индустрии 4.0. технологиясының элементтерін өнеркәсіпке енгізу дайындығын пысықтаймыз. Бұл жұмысты Frauenhoffer (Германия), Business Sweden (Швеция) сияқты жоғары білікті шетелдік серіктестермен бірлесе жасайтын боламыз.

Екінші. Нәтиже негізінде алғашқыда шоғырландыруға болатын 3-4 өнеркәсіп секторын анықтауды жоспарлап отырмыз.

Әр секторға ынталандыру жөніндегі нақты қолдау іс-шараларының жиынтығы және міндетті түрде әзірлеу керек стандарттар тізімі белгіленетін болады.

Биыл сараптама қорытындысы бойынша демонстрациялық тиімділікке қол жеткізу мақсатында алдыңғы қатарлы сандық технологияны енгізу үшін 7-10 пилоттық кәсіпорын іріктелетін болады.

Бір сөзбен айтқанда, аталмыш кәсіпорындар басқа кәсіпорындар үшін «моделді сандық фабрика» үлгісі рөлін атқарады.

Пилоттық жобалар жөніндегі жұмыстар 2018 жылы да жалғасады.

Үшінші. Аталмыш жұмыстардың аясында біз отандық кәсіпорындарға сандық технологияны енгізу мен дамытуға байланысты туындайтын жаңа индустриялды орындарды айқындаймыз.

Бұл орындарда жаңа технологияның көмегімен өндірілген өнім немесе жоғары технологиялы қызмет түрлері жүзеге асуы мүмкін.

Төртінші. Мұнымен қатар сандық технологияны енгізу бойынша жүйеқұраушы кәсіпорындармен де жұмыс күшейтілмек. Бүгіннің өзінде бірқатар компаниялар жаңа сандық шешімдерді енгізуге қызығушылық танытып, іске кірісіп те кетті. Бұл жердегі босатылған жұмыс күші мен еңбек нарығындағы өзгерістерді болжау есебінен сандық технология негізінде модернизациялау жоспарын әзірлеу мен жүзеге асыруда министрлік негізгі міндетті атқарады» - деді министр.

Барлық көрсетілген шаралар 2017 жылдың желтоқсанында қабылдануы жоспарланған 2025 жылға дейінгі базалық секторларды технологиялық модернизациялау жөніндегі Кешенді жоспарға бекітілетін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер