Астана, BAQ.KZ. Еліміздің оңтүстік аймағы үшін жиынтық қуаты 100 МВт жел электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша он сегізінші аукцион өткізілді.


Астана, BAQ.KZ. Еліміздің оңтүстік аймағы үшін жиынтық қуаты 100 МВт жел электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша он сегізінші аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттық барысында жобалардың бірлік қуаты 50-ден 100 МВт-қа дейін 3 компаниядан 3 өтінім берілді. Өтінімдердің жалпы көлемі 250 МВт құрады. Аукциондағы бастапқы баға – 22,67 теңге/кВт*cағ. 3 сағаттық сессияның қорытындысы бойынша қатысушылардың өтінімдерінде ұсынылған баға диапазоны 20,9 теңге/кВт*cағ. 22,67 теңге/кВт*cағ. дейін артты.
Қатысушылар саны екеуден артық және сатып алынатын қуат мөлшері 130% жоғары болғандықтан, «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына» сәйкес аукцион өткізілді деп саналды.
Аукционға бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты нарығының Қазақстандық операторы» АҚ-ның электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
«Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша 50 МВт-қа 20,9 теңге/кВт*cағ. бағамен «ЖЕЛ ЭЛЕКТРИК» ЖШС; 100 МВт-қа 22,58 теңге/кВт*cағ. бағамен «Шокпарская ветровая станция» ЖШС жеңімпаз болып анықталды», - делінген хабарламада.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!