BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жамбыл облысында 6 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Фото: ОКҚ

Жамбыл облысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес индустрияландыру картасының бесжылдығы аясында 6 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Астанада ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Кәрім Көкірекбаев индустрияландыру картасының екінші бесжылдығының аясында жалпы сомасы 557 млрд. теңгені құрайтын 34 жобаны жүзеге асыру қолға алынғанын, Жамбыл облысы инновациялық дамуда оң нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқанын айтты.

«Индустрияландыру бағдарламасының аясында облыста 158 млрд теңгені құрайтын 53 жоба жүзеге асты. 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Екінші бесжылдықта 557 млрд теңгені құрайтын 34 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жобаларды іске асыру барысындағы құрылыс жұмыстары кезеңінде 6441 және іске қосылу кезеңінде 5890 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Биыл жалпы сомасы 17,3 млрд теңгені құрайтын 13 жоба жүзеге асырылып, шамамен 1350 жұмыс орнын ашылмақ», - деді Кәрім Көкірекбаев.

Индустрияландыру бағдарламасы аясында Жамбыл облысында Ресейдің «Еврохим» компаниясы 950 млн АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаның құрылысын бастап кетті.

«Компания қазірдің өзінде 230 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды. Бұл жобаны жүзеге асыруда 1200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Минералды шикізаттарды химиялық жолмен қайта өңдеу арқылы жылына кемінде 1 млн тонна тыңайтқыш шығаратын кешеннің құрылысы басталып кетті», - деді ол.

Сонымен бірге қуатты химиялық кластер құру мақсатында облыста «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық зонасында жалпы құны 273,6 млрд теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылмақ. Бұл жоба бойынша 1300 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. TALAS INVESTMENT COMPANY болса құны 24 млрд теңгені құрайтын 491 жұмыс орны бар жобаны қолға алды. Ал «Тымлай» кен орнында жалпы сомасы 900 млн АҚШ доллар болатын жоба жүзеге асырылмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер