BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үкімет басшысы шетелдік инвесторлар үшін тиімді салаларды атады

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астанада өтіп жатқан «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев еліміздегі инвесторлар үшін тиімді салаларды атады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ғылыми өндірісті дамыту, экономиканың базалық салалары мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша саясатымыз инвесторлар үшін зор мүмкіндік береді. Біз бұл салаларға Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясындағы ауқымды инвестицияны бағыттауды жоспарлап отырмыз. Экономиканы әртараптандыруды жалғастырамыз және сіздерді металлургия, мұнайды қайта өңдеу, химия және машина жасау салаларына шақырамыз. Қазақстанда мыс, алтын және литий, ваннадий, фосфат шикізатын қоса алғанда сирек және өте сирек кездесетін металлдар өндірісін дамыту саласында өте көп жоба бар. Қайта өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін біз геологиялық барлауға инвестиция, шикізатты байыту мен өңдеуге жаңа технологиялар тартуға мүдделіміз», - деді премьер-министр.

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенді дамыту үшін тиісті шаралардың жүргізіліп жатқанын атады.

«Біз бұл саладағы басымдығымызды күшейтеміз. Яғни аграрлық секторға құрылымдық реформалар жүргізіп, нарықтық сұранысқа сай егістік алқаптарын әртараптандырамыз. Тыңайтқыш, биоқоспалар және сұрыптау саласындағы жаңа технологияларды қоса алғанда барлық саланы ғылыми-техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру басталды. Мұның барлығы да азық-түлік өнеркәсібіне инвестиция үшін зор мүмкіндіктер береді»,- деді ол.

Осы орайда премьер-министр шетелдік инвесторлар еліміздің көлік инфрақұрылымына инвестиция салуға шақырды.

«Стратегиялық мақсатымыз – Қазақстанды Орталық Азияның ірі көлік-логисткалық хабына айналдыру. Таяу 2-3 жылдың ішінде үкімет транзиттік тасымалды 2 млн контейнерге дейін арттыруды және транзиттен түсетін кірісті 5 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлауда. Қазақстанның барлық көлік-логисткалық инфрақұрылымы мен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы Қытайдың «Жібек жолы экономикалық белдеуі» және «Бір белдеу, бір жол» жобаларымен байланыстырылған. Біз инвесторларды көлік пен логистикаға қаржы салуға және бізбен бірге кіріс алуға шақырамыз», - деп түйіндеді сөзін Бақытжан Сағынтаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер