BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Индустрияландыру картасының тұралаған кәсіпорындарына жан бітіру керек – Үкімет басшысы

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Үкімет отырысында ҚР Премьер-мнистрі Бақытжан Сағынтаев Индустрияландыру картасы аясында іске қосылып, кейіннен тоқтап қалған кәсіпорындарға жан бітіруді тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Мемлекет басшысы жаңа технологиялар мен цифрландыру есебінен индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасының тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты Инвестициялар және даму министрлігі әкімдіктермен және мүдделі ұйымдармен бірлесіп экспорттық өндірістің бәсекеге қабілеттігін дамыту жұмысын үйлестіруі қажет», - деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Үкімет басшысы Елбасы өңірлік Индустрияландыру картасы аясында іске қосылып, кейіннен тоқтап қалған жобаларға назар аударғанын айтты.

«Ондай 15 жоба бар. 1 тамыздағы мәлімет бойынша Қостанай облысында 4 жоба тоқтап қалған, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар облысында екеуден және Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында біреуден бар», - деді ол.

Премьер тиісті өңірлердің әкімі осы кәсіпорындардың әрқайсымен жұмыс жүргізуі қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпорындардың тұралап қалуының себебін анықтап, өндірісті жандандыру бойынша бірлескен шаралар қабылдау керек.

«Жергілікті жерлерде барлық қолдау құралы бар, сондықтан, құрметті әкімдер, 1 желтоқсанға дейін тұралап қалған кәсіпорындардың барлығын іске қосу қажет. Желтоқсанның басында, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін дәстүрлі Индустрияландыру күнінде бұл мәселе тағы да көтеріледі. Мәселе шешіледі деген ойдамын», - деп түйіндеді Сағынтаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер