BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сыр өңірінде кальцилендірілген сода өндіретін зауыт құрылысы басталады

Қызылорда облысында биыл кальцилендірілген сода өндіретін зауыт құрылысы басталады. Республикалық Индустрияландыру картасына енген жоба Арал ауданында жүзеге асырылмақ. Әлем бойынша сұранысқа ие өнім өндіру өңірдің экспорттық әлеуетін арттыратыны сөзсіз.

Жалпы теңізді тіршілікке тұтқа етіп ұстаған аймақ негізінен ТМД мен Еуропа елдеріне балық пен тұз өнімдерін жеткізеді. Қазір ауданда 17 мың тоннадан астам балықты қабылдап, өңдеп, өткізе алатын 7 зауыт жұмыс істеп тұр. Ал ғасырға жуық тарихы бар «Аралтұз» кәсіпорны өткен жылы 444 мың тонна тұз және таза натрий хлоридін өндірді. Аудан экономикасын әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында биыл 17 өндіріс орнын іске қосу жоспары бар.

Мұхтар Оразбаев, Арал ауданының әкімі:

- Елбасының жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару көлемін 40%-ға ұлғайту тапсырмасы берілген. Осы орайда өткен жылы Арал ауданында 4 мың 57 тонна балық терең өңделіп, экспортқа шығарылса, 179 мың тонна тұз өнімдері өңделіп, экспортқа шығарылды. Биылға міндетіміз осы шығарылған өнімдердің көлемін 2 есеге ұлғайту мақсатында жұмыс жасап жатырмыз.

Хабар 24.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер