BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шетелдің беделді компаниясы Астанада медициналық орталық салады

Фото: Vласть

ҚР Парламенті Сенатының экономикалық саясат, инновациялық және кәсіпкерлік комитетінің отырысында «KazakhInvest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрғасының міндетін атқарушы Мейіржан Мәйкенов Түркияның «Айджи Бабэм» трансұлттық компаниясы Астанада медициналық орталық ашуды көздеп отырғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Комитет отырысында «ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсеке қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында Қазақстан экономикасына инвестициялар тартудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгел үстел ұйымдастырылды.

Жиында Мейіржан Мәйкенов елімізде жұмыс істеп жатқан инвестициялық жобалар туралы айта келе, түркиялық инвесторлар Астанада жеке медициналық орталық ашқысы келетінін жеткізді.

«Айджи Бабэм» атты Түркияның трансұлттық компаниясы бар. Ол – медициналық қызметтерді көрсетуге маманданған. Компанияның ірі медициналық желілері бар. «Айджи Бабэм» компаниясының айтуынша, олардың қызметтерін танымал азаматтар, ірі бизнесмендер, оның ішінде Ресейдің атақты бизнесмені Роман Абрамович те пайдаланады. Аталған компания Қазақстанда яғни Астана қаласында халықаралық деңгейдегі медициналық орталық салуды көздеп отыр. Осы орайда біз әкімдікпен келіссөздер жүргіздік. Оларды Астанадағы ірі медициналық мекемелердің өкілдерімен кездестірдік. Қазіргі таңда жобаны қаржыландырудың қаржылық моделі қаралып жатыр, әрі аталған жобаның құрылысын жүзеге асыру бойынша техникалық-экономикалық негіздеме зерттелуде. Аталған жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі негізінде жүзеге асуы мүмкін», - деп түйіндеді сөзін «KazakhInvest» Ұлттық компаниясының басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер