BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Семейде ет өңдеу комбинаты салынады

«Kazakh Invest» иран инвесторымен бірге «Өндіріс» индустриялды аймағында Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында ет өңдеумен айналысатын комбинат салу жобасын іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Agro Portal» компанияның бас директоры Амир Шекарчи инвестицияларды жүзеге асыруды және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетімен бірге инвестициялық преференцияларды ұсынуды қарастыратын инвестициялық жобаларды іске асыруға Инвестициялық келісімшарт жасады.

Шығыс Қазақстан облысында етті қайта өңдеу комбинатын салу ағымдағы жылы басталады.

«Қазақстанда шетел инвесторлары үшін жағымды инвестициялық климат жасалған. Өңірлік деңгейде біз «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдерімен және біздің жобаға жан-жақты қолдау көрсететін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен тығыз жұмыс істейміз. Ет комбинатының «Өндіріс» аумағында заманауи, қалдықсыз өндірістік желілер салынған болатын. Зауытта шамамен 250 адам жұмыс істейтін болады», - деді «Agro Portal» бас директоры Амир Шекарчи.

Ет комбинатында тәулігіне ұсақ қара малдың 2 мыңға дейін басы және ірі қара малдың 400 басы қайта өңделетін болады.

Осы өндіріс экспорттық-бағытты - 90%-ға дейін өнім Иран Ислам Республикасына жіберілетін болады.

«Kazakh Invest» осы жобаны іске асыруға қолдау көрсетеді. Күн тәртібінде – кеден және салық преференцияларын алу, субсидиялау мәселелері, сондай-ақ, визалық қолдау қарастырылған», - деді ШҚО «Kazakh Invest» өңірлік директоры Мадина Байсалбаева.

Ирандық инвестордың шақыруы бойынша Шығыс Қазақстан облысының делегациясы «Kazakh Invest» қолдауымен Иранға барады.

2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегиясында агроөнеркәсіптік кешен шетел инвестицияларын тартудағы басым салалардың бірі ретінде анықталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер