Сәтпаев қаласында макарон өнімдерінің 10 түрі өндіріледі - Индустрияландыру|16 Тамыз 2018, 09:07
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сәтпаев қаласында макарон өнімдерінің 10 түрі өндіріледі

Сәтпаевтағы макарон цехына қыркүйек айында бір жыл толады. Жас кәсіпорын отандық нарықта өзінің «Ханум» маркасын танытып үлгерді. Жыл сайын өткізілетін «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің облыстық кезеңінде цех «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша 18 үміткердің ішінде жеңімпаздардың бірі атанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар бұл номинацияда теміртаулық «REN-MILK» ЖШС және Бұқар жырау ауданындағы «Қарағанды құс» ЖШС үздік деп танылды.

«Ханум» Жағыпарова М.К. ЖК» макарон өнімдерін шығаратын өндірістік өнеркәсібі заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда қысқа кесілген макарон өнімдері мен жайма шығаратын жоғарытехнологиялық екі желі жұмыс істейді. Бүгінде макарон өнімдерінің 10 түрін өндіреді. Болашақта өнім түрлерін көбейту көзделген. Өндіріс қуаттылығы жылына - 3000 тонна.

«Ұнды біз Өскеменнен аламыз. Алдағы жылдары өзіміздің диірменіміз бен ұн тарту цехымызды ашқымыз келеді. Қазір өнімдерімізді Сәтпаев, Жезқазған қалалары мен Ұлытау ауданының тұрғындары тұтынады. Еліміз бойынша таралуы үшін еңбек ететін боламыз. Біз өз ісімізді дамытып жатырмыз және ел экономикасының өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз деп ойлаймын», - дейді кәсіпкер Меруерт Жағыпарова.

Макарон цехында 5 адам жұмыс істейді. Еңбеккерлер жаңа технологияларды меңгеру үшін оқу курстарынан өткізіледі. Кәсіпорын қазір Астана қаласында өтетін байқауға қызу дайындық үстінде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер