BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сарыағаш ауданында электр станциясының іргетасы қаланды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін станцияның құрылысы басталды. Сағатына 20 мВТ тоқ шығаратын заманауи нысанның іргетасы Жылға ауылдық округінде қаланып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыстың салтанатты ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев, аудандық маслихат хатшысы Жәнібек Сүлейменов, «ЕкоПроТех-Астана» ЖШС директоры Назиржон Темиров және Жылға ауылының бір топ тұрғындары қатысты.

Жалпы құны 14 млрд. теңгені құрайтын жобаны іске асыруды «EcoProTech-Astana» ЖШС қолға алып отыр. Құрылыс жұмыстарының жалпы жер аумағы 41 гектарды құрайды.

Айта кетейік, «EcoProTech-Astana» ЖШС құрылтайшысы германиялық «DAY ENERGY GmbH» компаниясы. Аталған мекеме энергияны жаңарту саласындағы жобаларды дамыту мен фотовольттық панельді және су энергиясын өндіруге негізделген. Күн сәулесінен өндірілген электр энергиясын теміржол саласына қолдану жобасы әлемде алғаш рет қолға алынып отыр.

Қазіргі таңда «EcoProTech-Astana» ЖШС-гі мемлекеттік сараптама қорытындысын алып, жобаны қаржыландыру үшін банктермен келісімшарт жасасып жатыр. Сондай-ақ, олар жобаға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп беретін компаниялармен келісім жасасып, алғашқы қаржыларын аударып та қойған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер