Сарандағы күн электр станциясының құрылысы аяқталуға жақын - Индустрияландыру|03 Тамыз 2018, 20:18
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сарандағы күн электр станциясының құрылысы аяқталуға жақын

Фото: karaganda-region.gov.kz

Саранда қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясының құрылысы аяқталғалы жатыр. Ол жайлы қала әкімі Ержан Темірханов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, күн электр станциясы 2018-ші жылдың қарашасында іске қосылады.

«Монтаждық-құрылыс жұмыстары осы жылдың жаз айларының басынан бастап белсенді фазаға ауысқан. Алаңда үш жүзге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Қарашаның соңында жоба аяқталады. Барлығы жоспарға сай өтіп жатыр, жобаны жүзеге асырумен байланысты қиындықтар жоқ», - деді Ержан Темірханов.

Күн электр станциясының құрылысы 2017 жылы 7 маусымда басталған. Сол кезде құрылыс орнында облыс әкімі Ерлан Қошанов пен жобаның бас инвесторы Ян Зонненшайн естелік капсулын салған болатын. Электр станциясы 160 гектар жерде орналасады. Мұнда 370 мыңнан астам күн панельдері орнатылады. Электр қуатын өндірудің бір жылдық мөлшері 145 млн кВт/сағ құрайды. Станцияның қуаттылығы – 100 МВТ. Салыстырар болсақ, Саран бұл көлемнен 10 есе аз қуат пайдаланады.

«Күн электр станциясы жеке шет елдік инвестициялар есебінен салынып жатыр, олардың жалпы көлемі 340 миллион долларды құрайды», - деп атап өтті


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер