BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сағынтаев Қазақстанның инвестиция тартудағы басты артықшылығы туралы айтты

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астанада өтіп жатқан «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев елдегі және аймақтағы тұрақтылықтың Қазақстанға инвестиция тартуға әсері туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Үкімет басшысы соңғы үш жыл бойы елде аса ауқымды көлемде инфрақұрылымдар салынып, нәтижесінде әлемнің негізгі рыноктарына шығатын қысқа және экономикалық тұрғыдан тиімді көлік-логистикалық көпір тартылғанын айтты.

Сонымен қатар Сағынтаев инвестиция тартуда Қазақстанның басты артықшылығы қашанда саяси тұрақтылық болып келе жатқанына назар аударды.

«Елде саяси тұрақтылық бар және ол сақталады. Алдағы уақытта да осылай болатынына сенімдіміз. Елбасының шешімдері елдегі тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Соңғы 10 жылда түрлі салаға 250 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылды. Бұл қаржы жайдан жай келмейді. Ол саяси тұрақты елдерге келеді», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Осы орайда Үкімет басшысы елімізде жүргізілген конституциялық реформаға тоқталды.

«Үкімет көптеген шешімдерге қатысты өзі шешім қабылдауға өкілетті. Сондай-ақ Үкіметтің парламент алдындағы жауапкершілігі мен есеп берудегі міндеті артты. Қазіргі таңда парламент үлкен мүмкіндіктерге ие болды. Бұрын мұндай болмаған», - деді премьер-министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер