BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Рудныйда цемент зауыты іске қосылды 

Қостанай, BAQ.KZ. Құны 100 млн доллар болатын жобаға 18 млрд теңгеден астам қаражат инвестицияланған. Бұл жөнінде Bnews.kz порталы хабарлайды.

Бұл Қостанай облысындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі. Ол Қазақстан тұтынушыларымен қатар, Ресейдің оңтүстік аймағындағы сұранысты қамтуға мүмкіндік береді.

Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов атап өткендей, мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген. Негізінен, БЖК-2020 бағдарламасы арқылы банк алдындағы 1 млрд 350 млн теңге пайыздық мөлшерлеме субсидияланды. Сонымен қатар, инженерлік коммуникациялар жүргізуге 750 млн теңге, қаржылық кепілдемеге 730 млн теңге, теміржол құрылысына 600 млн теңге бөлінген.

"Барлық жергілікті мердігерлермен келісімшарт дасаймыз, сондай-ақ, өңіраралық кооперация аясында басқа облыстармен де жұмыс жасаймыз. Себебі, 500 км радиуста осыған ұқсас зауыт жоқ. Ал Ақтөбе, Орал, Атырау секілді қалаларда сұраныс жоғары. Өнімнің бір бөлігі экспортқа жөнелтіледі", - деді Архимед Мұхамбетов.

Рудный цемент зауытының директоры Артем Макласов кәсіпорын күрделі жағдайда салынғанын атап өтті. Себебі, зауыт құрылысы сонау 2008 жылы басталып, оны іске қосу 2016 жылдан бері түрлі себептермен кейінге қалдырылып келді.

Цемент шығаратын нысанның жобалық қуаты жылына 500 мың тоннаны құрайды. Максималды жүктеме кезінде 300 астам адам жұмыс істейтін болады. Жоспарланып отырған орташа жалақы 132 мың теңге шамасында болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер