BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Президенттің қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтіп жатыр

Фото: Sputnik Казахстан

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні» атты ұлттық телекөпір басталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Шара барысында еліміз бойынша жаңа индустриалды-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік жобалар іске қосылады деп күтілуде. Нақты атап өтсек, «Қазақалтын Технолоджи» компаниясы, Ақсу ауылында алтын өндіру фабрикасы, Ақтөбе облысында машина жасау және металл өңдеу секторында мұнай-газ жабдықтарын өндіру және құбырлар шығаратын «Қазақстан мұнай жабдықтары» ЖШС зауыты ашылады. Ал Атырау облысында («Жігермұнайсервис» ЖШС) роботты дәнекерлеу әдісімен металл жабдықтар өндірісі іске қосылмақ.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында «Маслодел» ЖШС тамақ өнеркәсібінде және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуде «Тетра Пак» жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған сүт зауыты ашылса, Батыс Қазақстан облысында «Жайық Агро» ЖШС-де жаңа құс фабрикасы өз жұмысын бастамақ.

Жамбыл облысында «ШОБ дамытудың жаңа секторлары» бағыты бойынша «Оргстрой» ЖШС гранит, мәрмәр және гипс өндіру, жарылғыш құрылғыларды өндірудің жаңа технологиясын өңдеу жөніндегі өндірісі пайдалануға беріледі. Ал Алматы облысында «Psi Stroy Industriya» ЖШС металл конструкцияларын шығаратын зауыт, әрі «Коринская» ГЭС-і өз жұмысын бастайды.

Сондай-ақ, телекөпір барысында Қарағанды облысында қуаттылығы жылына 50 мың бірлікке дейін жететін көліктерді қайта өңдеумен айналысатын «Recycling Company» ЖШС өз жобасын іске қоспақ. Сонымен қатар шарада Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және Еуразия құрлығындағы логистикалық торапты құру жобасын іске асыру мақсатында Мемлекет басшысы Маңғыстау облысындағы Құрық порты паромдық терминалының бірінші кезеңін іске қосады деп күтілуде.

Астанадағы жалпыұлттық телекөпір барысында Шымкентте «Ақтау-Бейнеу» автомобиль жолының Шетпе жобасы пайдалануға берілмек. Бұдан басқа, «Еуразиялық топ» (ERG) өндірісті технологиялық жаңарту жобасы шеңберінде Қостанай облысының Қашар кенішінде «ақылды» карьерді, «Қазмырыш» корпорациясы Шығыс Қазақстан облысындағы Малеев кен орнында «Pitram» жүйесін іске қосылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар Алматыдағы «Инновациялық технологиялар паркінде» дербес кластерлік қордың «Сандық зертханасы», Астанадағы «Назарбаев Университетінде» робот техникасының зертханасы ашылады деп күтілуде.

Айта кетейік, биыл елімізде 1,9 триллион теңгенің 127 жобасы іске қосылып, 10 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер