Пластик бөтелкелерден тоқыма талшықтары жасалады – Түркістан облысы - Индустрияландыру|22 Тамыз 2018, 21:35
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Пластик бөтелкелерден тоқыма талшықтары жасалады – Түркістан облысы

Түркістан облысында полиэтилентерефталатты (ПЭТ бөтелке) қайта өңдеу және штапельдік талшық шығару зауытының құрылысы аяқталды. Зауыт толықтай іске қосылған кезде 250-ден астам жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Жобаны іске асырудың инвесторлары — қазақстандық GreenTechnology Industries компаниясы мен Hong Kong General Industry And Commerce Co Ltd (ҚХР) шетелдік серіктес компаниясы.

Қазіргі таңда зауытта ПЭТ қалдықтарды жуу, кептіру және бөлшектеу бойынша өндірістің бірінші кезеңі іске қосылды — 73 адам жұмыс істеп жүр. Бүгінде компания келесі кезең — штапельдік талшық шығаруды ұйымдастыруды қолға алды.

Hong Kong General Industry And Commerce Co Ltd (Гонконг) — Tianrun Group халықаралық холдингінің еншілес компаниясы. Бұл секциялық жылыту радиаторларының ең ірі өндірушісі және экспорттаушысы. Холдингтің айналымы жылына $400 млн құрайды, Қытай мен Еуропада өндірістік қуаттылықтары бар.

Kazakh Invest тарапынан жобаны газбен жабдықтау желілеріне қосу кезінде, сондай-ақ шетелдік серіктес компанияның басшылығы мен мамандарына жұмыс визасын алу кезінде көмек көрсетілді.

Ресми статистика бойынша, жыл сайын Қазақстанда 5–6 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) жиналады, оның шамамен 150–200 мың тоннасын ПЭТ қалдықтар құрайды. Сонымен қатар, ҚТҚ-ның тек 3–5% қайта өңделеді немесе кәдеге жаратылады.

«Аталған жоба Қазақстанда алғаш рет ПЭТ қалдықтар дайын өнім – штапельдік талшық шығаруға жұмсалатындығымен бірегей. Синтетикалық талшықтың бұл түрі мыжылмайды, күйіп кетпейді және көп уақыт бойы беріктігін сақтайды, гипоаллергенді қасиетке ие. Одан жасалған заттар қолмен ұстаған кезде жағымды, оңай жуылады. Сондай-ақ, өнім құрылыс қоспаларында қолданылатын болады, осылайша құрылыс жұмыстарының сапасын жақсартуға жол ашады», — деді GreenTechnology Industries атқарушы директоры Клара Әбдірахманова.

Бұдан өзге, полиэфирлік талшықтардан 3D принтерде басып шығаруға пайдаланылатын филаментке арналған (1,75 немесе 3 мм пластмасса жіп) материал жасауға болады.

Жобаның жалпы құны — $20 млн. Жыл сайын зауытта 50 000 тонна дайын өнім шығарылады деп жоспарланған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер