BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мейрам Пішембаев отандық машина жасаушыларды Үкіметтік деңгейде қорғауды сұрады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мейрам Пішембаев машина жасауды дамытуға арналған ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарлама жасау қажеттілігін, сонымен қатар отандық машина жасау кәсіпорындарының мүддесін қорғау туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан машина жасаушылар одағының баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Депутат Еуразиялық экономикалық одақтың нормасына қайшы келетін мәселені қозғады. Оның айтуынша, Ресей Федерациясының 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресейлік ұсыныстары бар конкурстық рәсімнің қатысушылары РФ Үкіметінің 2016 жылдың 16 қыркүйегіндегі №925 өкіміне сәйкес, шетелдік нұсқалармен салыстырғанда келісімшарт бағасының 15 пайыздық деңгейінде басымдыққа ие болатынын жеткізді.

Аталған жағдай Еуразиялық экономикалық комиссия мен Кеден одағының машина жасауды дамыту бойынша үйлестіру одағында қозғалды. Бірақ ресейлік тарап жоғарыда көрсетілген Өкімнің қабылданатыны туралы ешқандай түсінік бермеген. Бүгінгі таңда отандық кәсіпорындарға келтіретін біршама кедергілер бар екен.

Қазақстан Еуразиялық одақтың мүшесі бола тұра, отандық машина жасау кәсіпорындары ресейлік тендерлерге қатысу барысында күрмеуі шешілмейтін көптеген мәселеге тап болып отыр. Депутат сөз соңында Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан отандық машина жасаушылардың мүддесін қорғайтын тиісті шаралар қолдануды ұсынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер