BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Петропавлда «Жас Өркен» шағын ауданының құрылысы басталды

Петропавлда тозығы жеткен 500-ден аса үй сүріліп, орнына жаңа шағын ауданның құрылысы салынбақ. Бұлтуралы СҚО әкімі Құмар Ақсақалов ОСҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді,- деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Биыл «Жас Өркен» шағын ауданының құрылысын бастадық. Бұл үшін өткен ғасырда салынған 500-ден аса жерүй сүріліп, орнына 2,5 мың пәтер салу жоспарланып отыр. Сүрілген үй иелері өтемақы алады немесе оларға жағдай жасалған баспана таңдау құқығы беріледі. Алдын ала жүргізілген сауалнама бойынша тозығы жеткен үйлер тұрғындарының 70 пайызы баспана ауыстыруға келісім беріп отыр», - деді Құмар Ақсақалов.

Бұл шағын ауданның құрылысы салынады деп қазақстандық БАҚ он жыл бұрын хабарлаған. Облыс әкімінің сөзінше, жаңа шағын ауданда 300 орындық концерт залы, 150 орындық акт залы және IT-технологиялар орталығы бар төрт қабатты Оқушылар сарайы бой көтермек.

Сондай-ақ, 4 жабық және 3 ашық теннис корттары әмбебап теннис орталығының құрылысы басталды.

«Бүгінгі таңда шағын аудандағы көпірді жөндеп жатырмыз. Әзірге үш көп қабатты үй мен Оқушылар сарайы, теннис орталығының құрылысы басталды. Ал бес көп қабатты үйдің құрылысы 2018 жылы аяқталады», - деді әкім.

Қаланың бас жоспары 2007 жылы ҚР Үкіметінің отырысында бекітілген. Алайда шағын ауданның құрылысы он жылдан соң басталып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер