BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодарда алғашқы отандық алюминий дискілері өндірілді

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағында алюминий дискілерінің алғашқы 47 бірлігі өндіріліп шығарылды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

Айта кетейік, қанатты металлдан дискілерді өндіру желісін қоспалы алюминий шығаратын кәсіпорынның базасындағы ресейлік компания іске қосты. 6,7 млрд. теңге инвестиция құйылған ілкімді жоба 2020 жылға дейін толық жүзеге асырылады. Өнімнің 50 пайызы сыртқы нарыққа тасымалданбақ.

«Биыл Павлодардағы Қазақстан электролиз зауытының құрылғанына 10 жыл толады. Елбасы біздің алдымызға алюминийді 4-5 терең өңдеуді тапсырған болатын. Бүгінде бұл мақсатқа қол жеткізіп отырмын. Жобаның алғашқы кезеңінде бір жылда 1 млн автомобиль дискісі шығарылады. Бұл облыс экономикасында ғана емес, отандық нарықтағы жаңашыл жоба болып табылады», - дейді облыс әкімі Болат Бақауов.

Еске сала кетсек, бұған дейін аймақ басшысы Болат Бақауов отандық дискілердің бес данасын сатып алып, көлігіне орнатуға уәде берген болатын.

Мамандардың сөзіне сенсек, «Lexus» маркалы көлігіне арналған бір диск шамамен небары 7 минуттің ішінде құйылады. Кейін жаңа өнім конвейерлік лента арқылы мателл өңдеу станоктарына жіберіледі, өңделген соң боялады.

«Зауыт заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған. Бүгінде құралдардың барлығы сынақтан өтті, өндіріске жарамды. Автомобиль дискілері - әлемде жоғары сұранысқа ие тауар. Сондықтан, бәсекелістік бар деуге болады. Алдағы уақытта 14 құю машинасы орнатылады. Осылайша, кәсіпорынның бір айлық қуаттылығы 115 мың дөңгелекті құрайды», - дейді кәсіпорынның директоры Сергей Мельников.

Компания өкілдерінің айтуынша, жаңа өндірісте жаңа 200 жаңа жұмыс орны ашылмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер