BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодар облысында жыл басынан бері 50 мың алюминий дискісі шығарылды

Фото: Автор

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі арнайы экономикалық аймақта жыл басынан бері 50 мың алюминий дискісі шығарылып, нарыққа жөнелтілген.

Еске салсақ, қанатты металлдан дискілерді өндіру желісі бір жыл бойы іске қосылды. 6,7 млрд. теңге инвестиция құйылған ілкімді жоба 2020 жылға дейін толық жүзеге асырылады. Өнімнің 50% сыртқы нарыққа тасымалданбақ.

Осылайша, өңірде алюминийді қайта балқытудың жоғары деңгейіне, яғни қанатты металлдан дайын өнім шығару жолға қойылды.

Мамандардың сөзіне сенсек, «Lexus» маркалы көлігіне арналған бір диск шамамен небары 7 минуттің ішінде құйылады. Кейін жаңа өнім конвейерлік лента арқылы металл өңдеу станоктарына жіберіледі. Қазіргі уақытта зауыттың екінші бөлігін салу мәселесі шешілуде. Кәсіпорын базасында дөңгелектерді механикалық өңдеу желісі іске қосылып, қосымша құю машиналары орнатылмақ. Бұл жылдық өндірістік қуаттылықты 1 млн данаға арттыруға мүмкіндік береді.

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағының басқарма төрағасы Айбек Тұрсынғалиевтің айтуынша, бірегей кәсіпорынды іске қосып, қоспалы алюминий өндірісін дамытуға ресейлік компания атсалысқан.

«Ресей – «Павлодар» экономикалық аймағына инвестиция құйып жатқан жетекші елдердің бірі. Мәселен, көрші мемлекеттің инвесторлары жүзеге асырып жатқан үш жоба бар. Мәселен, «Гиссенхаус» жобасының тең жартысы ресейлік инвестиция есебінен. Ал тез балқытылатын алюминий дискілерін өндіретін «К&К» компаниясы толықтай көрші елдің инвесторларына тиесілі», - дейді Айбек Тұрсынғалиев.

Айта кетейік, биыл салынған инвестиция көлемі 10 млрд. теңгені құрап, жалпы инвестиция көлемі 60 млрд. теңгеден асты. Оның ішінде 15 млрд. теңге - тікелей шетелдік қаражат. Өндіріс көлемі 30% -ға өсті, биыл 20 млрд. теңгенің өнімі шығарылмақ. Қазіргі уақытта аймақта өнімнің 30 түрі шығарылып, ондаған мемлекетке экспортталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер