BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодар облысында қоспалы алюминий өндірісі іске қосылады

Павлодар облысында қоспалы алюминий өндірісі іске қосылады. Металл нарығындағы жаңа кәсіпорын 6 желтоқсан – Индустрияландыру күні телекөпір режимінде жұмысын бастайды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

Бұл – «Павлодар» арнайы экономикалық аймақта бой көтерген жаңа зауыт. Қоспалы алюминий өндіретін «Giessenhause» ЖШС-нің жобалық жылдық қуаттылығы шамамен 52 мың тоннаны құрайды. Жаңа өндіріске қажетті негізгі шикізат ретінде Қазақстан электролиз зауытынан жеткізілетін сұйық алюминий қолданылады.

«Қоспалы алюминий өндірісін жүзеге асыру жобасына 4,56 млрд теңге көлемінде инвестиция құйылды. Бүгінгі күнге дейін «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында бой көтерген «Giessenhaus ЖШС алғашқы 5 тонналық өнімін нарыққа шығарды. Ресей және Германия инвесторларының қатысуымен іске асырылған жоба облыста алюминий кластерін оң жолға қоюға сеп болады», - дейді кәсіпорын ЖШС директорының орынбасары Руслан Ибраев.

Облыстық индустриялық инновациялық даму басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта кәсіпорында бір конвейер мен бір пеш жұмыс істеп тұр. Әкімшілік-тұрмыстық кешен құрылысы аяқталғаннан кейін зауыт бір айда 750 тонна өндіругі қауқарлы болмақ. Бүгінде біз ресейлік «K&K» компаниясымен келісімшарт жасалған. Көршілес елдің кәсіпорны павлодарлық өнімнен тез балқытылатын автомобиль дискілерін шығармақ. Алдағы уақытта өнім Германия нарығына шығарылады деп жоспарлануда. Кәсіпорын өкілдері тауарды нарыққа шығаруда қиындық болмайтынына сенімді.

Айта кетейік, Павлодар облысында жыл соңына дейін жалпы бес инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл игілікке 264 млрд теңге жұмсалып, нәтижесінде 1000-нан жұмыс орны ашылмақ.

Фото: автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер