BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодар мұнай зауыты авиациялық отын өндіре бастайды

Фото: Planespotters.net

Павлодар мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудан кейін компания айына 13 мың тонна авиациялық отын шығаратын болады. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Bаq.kz ақпарат агенттігі.

Бозымбаевтың айтуынша, өндіріс сертификаттаудан өткеннен кейін 2018 жылдың екінші жартысында іске қосылатыны айтылды. Зауыт сондай-ақ K4, K5 экологиялық класс мотор отындарын және 100% жоғары октанды бензин шығарады.

«Зауыттың қуаты жылына 5,5 млн тонна көлемінде Батыс Сібір мұнайын өңдейді, сонымен қатар қазақстандық мұнайды жылына 4,7 млн тоннаға дейін жеткізеді. Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша өндіріс көлемі: бензин - 1,4 млн тонна, дизель отыны - 1,7 млн тонна, авиациялық керосин - 350 мың тонна, мазут - 680 мың тонна», - деп түсіндірді министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер