Павлодар алюминшілері глиноземның 60 миллионыншы тоннасын шығарды - Индустрияландыру|01 Қазан 2018, 11:22
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Павлодар алюминшілері глиноземның 60 миллионыншы тоннасын шығарды

Павлодар облысындағы алюминий зауытында глиноземның 60-миллионыншы тоннасы өндірілді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Тарихқа көз жүгіртсек, Павлодар алюминий зауытында отандық глинозем алғаш рет 1964 жылы алынды. Сол уақыттан бері павлодарлық алюминий тотығынан СУ-24 маркалы ұшақтардың үш мыңнан астамын жасалды. Ұшақтардың құрылысына 30 млн. тонна қанатты металл қолданылды.

Айта кетейік, бүгінде отандық алюминий тотығы әлемнің 20 еліне экспортталуда. Олардың қатарында Ресей, Беларусь, Өзбекстан мен Еуропаның оңтүстік және орталық мемлекеттері бар.

«Біз глиноземды төмен кондициялық бокситтен өндіреміз. Әлемде ешбір зауыт мұндай шикізатпен жұмыс істемейді. Соған қарамастан, павлодарлық алюминий тотығының сапасы мінсіз. Біз үшін - 60 миллион тонна атаулы сан. Себебі, оның негізінде үлкен мән-мағына жатыр. Бұл металлургтердің отандық экономиканың дамуына сүбелі үлесін қосып жатқанының айқын дәлелі болса керек, – дейді алюмний зауытының президенті Роман Романов.

Бүгінде алюминий зауытында өндірістік қуатты арттыруға, қолданыстағы нысандарды қайта құру мен жаңғыртуға, құрылғыларды жөндеп, жаңартуға бағытталған инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Биылғы жылы 25,5 млрд. теңге инвестиция құйылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер