BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өткен жылы еліміз бойынша бір айда 60 мыңнан астам көлік тіркелген

Алайда бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайыздай аз, дейді BAQ.kz тілшісі.

"2016 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан Республикасында 600600 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10,8% кем. Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3850,9 мың бірлікті құрады" - дейді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің дерек көзі.

Ал дәл осы уақыттағы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша өткен жылғы 11 айда 23384 адам зардап шеккен 16332 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 5,7%-ға азайған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректері бойынша 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 20,6 млрд теңге сомасына 60898 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер