BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өткен жылы 90 мың тұрғын баспанамен қамтылды - Жеңіс Қасымбек

Құрылыс саласы Қазақстан Республикасы экономикасының қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. 2016 жылы жалпы тұрғын үй құрылыс алаңының физикалық көлем индексі 118%-ды құрады. 10,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұл шамамен 90 мың тұрғынды қамтыды. Бұл туралы бүгін алқа мәжілісі барысында ИДМ Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, дейді BAQ.kz тілшісі.

Бұл сала бойынша инвестиция көлемі 2015 жылы 740 млрд. теңге болса, 2016 жылы 830 млрд. теңгеге жеткен.

"Жүргізілген реформалар нәтижесінде кәсіпкерлер үшін құрлыс жүргізуге рұқсат алу мерзімі 3 айдан 1 айға дейін қысқарды. Аталған көрсеткіштер бойынша Қазақстан Бүкіләлемдік Банк рейтингісінде 152 орыннан 22 орынға көтерілді. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының бірыңғай бағдарламасы әзірленіп, оның аясында 1,5 млн. тұрғын үй салынатын болады. Ал, 2017 жылы 100 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр" - деді министр.

Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі тұрғын үй құрылысын бюджеттен тыс тікелей қаржыландыруға ауыстыру.

"Негізгі басымдық жеке құрылысшыларды ынталандыру арқылы нарықтық қатынасты және тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесін дамытуға берілмек. Сөзімді қорыта келе айтарым, Мемлекет басшысы қойған барлық міндеттер дер кезінде және сапалы орындалатын болады" - деп уәде берді министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер