BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өткен жылы 78 млн тонна мұнай өндірілді - Қ.Бозымбаев

Фото: Абзал Қалиев

Бүгін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев алқа мәжілісін өткізді. Онда министр өткен жылды қорытындылап, алдағы жылда істелетін жұмыстар бойынша жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

"Өткен жылы мұнай өндіру көлемі 78 млн тоннаны құрады. Негізі 75,5 млн тонна қара алтын өндіру жоспарланған едік. Қашағанды іске қосу арқылы жоспарды артығымен орындадық. Мұнайдың басым көпшілігі Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында өндірілді.Өндірістік көрсеткіштердің жақсаруына салық және әкімшілік кедергілердің жеңілдетілуі ықпал етті. Мұнай экспортының Кедендік баж салығы әлемдік мұнай бағасына сай есептелетін болды. 2014-2016 жылдары туынды компаниялар пайдалы қазбалар өндіру салығы бойынша жеңілдіктер алды. Қашаған кең орны іске қосылды. Былтыр 1 миллион тоннаға жуық мұнай алынды. Мұнай экспортын 62 миллион тоннаға дейін арттырдық, оның 40 миллион тоннасы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданды. Мемлекет қолдауының арқасында алғаш рет 325 мың тонна битум қайта өңделді. Сұйық газ өндірісінің көлемі 136 тоннаға артты", - дейді Қ.Бозымбаев.

Оның айтуынша, Теңіз кен орнын кеңейту аясында өткен жылы инвестиция тарту өз шешімін тапқан.

"Өткен жылы Теңіз кен орнын кеңейту жобасына 36,8 млрд. доллар инвестиция құйылды. Шығынның бір бөлігін акционерлер өз мойнына алса, қалғанын «Теңізшевройл» компаниясы көтереді. Кен орны толық қуатына көшкен кезде ол жылына шамамен 39 млн. тонна мұнай өндіреді. 2023 жылы Теңіздегі өндірілетін мұнайдың көлемін 27,9 млн тоннаға жеткізу көзделуде", - дейді министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер