BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Орталық Азиядағы ең ірі күн электрстанциясы Қарағандыда салынбақ

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өткен ғылыми-техникалық кеңесте ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі үшін арнайы құрылған инновациялық жобалардың бірқатары Қарағанды облысында іске қосылатындығы белгілі болды. Cоның бірі - алып күн электрстанциясы, деп жазады Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

«Нұр Әлем» павильонында жасыл энергетика саласында ұсынылған болатын жобаның бірқатары Қарағанды облысында жүзеге асырылмақ. Қазірдің өзінде 3 жоба іске қосылған. Атап айтсақ, Дубовка кентінде электр және жылу қуатын, сондай-ақ органикалық тыңайтқыштарды алу үшін органикалық қалдықтарды өңдеуге арналған биогазды құрылғы орнатылды. Сонымен қатар, 2015 жылы Ынтымақ су қоймасында мини-ГЭС іске қосылды. Оның қуаттылығы 570 кВт құрайды. Өндірілген электр энергиясы «Қарағанды Жарық» желілері арқылы Амангелді кентінің қоғамдық тораптарына жебіреледі. Үшінші жоба – өндірістік қалдықтарды жоғары технология арқылы тазарта отырып, аймағымыздың энергетикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін «АBsalut ecology» инновациялық газ тазарту жүйесі.

Осы 3 жобадан бөлек тағы екі жоба жүзеге асырылу барысында. Оның бірі Саран қаласындағы «Күн электр станциясы» және «Экологиялық таза гидродинамикалық сұйық орта жылытқыштары». Саран қаласындағы күн электрстанциясы Орталық Азиядағы ең ірі станция болмақ.

«Сарандағы күн электрстанциясының құрылысын 2018 жылы аяқтау көзделіп отыр. Оның қуаттылығы 100 МВт-қа тең болады. Бұл көрсеткіш бойынша ол Орталық Азиядағы ең ірі станция болуы тиіс. Жоба толығымен Еуроодақ елдерінен тікелей инвестиция турту арқылы қаржыландырылып отыр. ГФР, Чехия және Словакияның жеке және мемлекеттік инвестициялық құрылымдарының қолдауына ие. Айта кету керек, сұйық ортаның гидродинамикалық жылытқыштары – ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің инженерлері ойлап шығарған зерттемесі. ЖОО-ның оқу шеберханаларында бірнеше эксперименталды құрылғылар әзірленіп, құрастырылған. Оларды өндіріс барысында сынақтан өткізу кезінде энергия жұмсауды айтарлықтай үнемдейтіндігі анықталған», - дейді Қарағанды облысық Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Ғалымжан Жұмасұлтанов.

Сонымен қатар, тағы екі жоба тестілеуден өтуде. Олар биоотын және алюмофехральді жылытқыштар жобалары. Биоотын – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ғалымдарының зерттемесі. Отынға арналған шикізат ретінде еліміздің аумағында өсетін көпжылдық шөптер алынады. Қазір зерттеушілер жобаға қолдау көрсетіп, оны өндіріске қосуға дайын инвесторларды іздеуде. Алюмофехральді жылытқыштар өндірістік және тұрғын үй ғимараттарына арналған. Жобаны жасаушылардың айтуынша, бұл өнертабыс пайдалы қызметтің жоғарғы коэффицентіне ие. Жобаның бастамасышы, «Элитмет» ЖШС өнертабысқа патент алып, ЭМКО тауарлық Фантом үлестірген екен.

Ғалымжан Жұмасұлтанов сонымен бірге шет елдік әріптестермен ЭКСПО-да ұсынылған жобалар туралы да айтты. 150 ең қызықты және өзекті зерттемелер аудандарға жіберілген. Олар аймақтың ірі кәсіпорындарымен бірлесе отырып, ЖОО қызметкерлерімен өңделіп жатыр.

«Бүгінгі таңда «Корпорация «Казахмыс», «Kazakhmys Smelting», «Евразиан Фудс», «Dala Mining», «Казгеология» және «ГорКомТранс» секілді алты компания Ұлыбритания, Франция, Финляндия, Словакия, Чехия және тағы да басқа елдердің ғалымдарының 35 технологиялары мен зерттемелерін енгізуге қатысты қызығушылықтарын білдірді. Негізінен ол қатты тұрмыстық қалдықтарды жою және қайта өңдеу, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, сондай-ақ энергияның балама көздері салаларындағы жобалар. Қазіргі уақытта біз ЖОО және даму институттарымен біріге отырып, ұсынылып отырған 35 технологиядардың арасынан анағұрлым әлеуеттілерін іріктеу бойынша жұмыстар атқарып жатырмыз», - дейді Ғ.Жұмасұлтанов.

Жақын арада облысымыздың өндірістік және коммуналдық кәсіпорындарында жобаларды енгізу бойынша «Жол картасы» бекітіледі деп жоспарлануда. Аймақ басшылары кәсіпорындардағы инновациялық зерттемелерді енгізу жағдайын қадағалайтын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер