BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі артты

Астана, BAQ.KZ. Биыл өткен жылмен салыстырғанда біраз өнеркәсіптік өнімнің көлемі өсіп, индексі 104,5% құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлады.

"2018 жылғы қаңтар-қарашада 2017 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Тамақ өнімдері, темекі бұйымдары, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті. Сонымен бірге, сусын өнімдерінің өндірісі төмендеді" - делінген хабарламада.

Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды.

Өнеркәсіптік өндіріс индекстері

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

2018 жылғы қаңтар-қарашадағы жекелеген өнім түрлерінің өндірісі

Өндірілгені

2017 жылғы қаңтар-қарашаға пайызбен

мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн.тонна

82,4

104,9

мыс кендері, млн.тонна

94,7

107,4

ұн, млн.тонна

3,7

102,7

бензин, млн.тонна

3,6

128,9

газойльдер (дизельдік отын), млн.тонна

4,3

108,3

портландцемент, млн. тонна

9,5

106,8

жазық илек, млн. тонна

2,5

94,5

тазартылған мыс, млн. тонна

0,4

103,8

электр энергиясы, млрд.кВт.сағ.

97,0

104,4


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер