BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Олжас Сартаев: Астананың бірыңғай геоақпараттық картасы жасалады

«Астана - даму мен инновацияның 20 жылы» форумында арнайы баяндама жасаған «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев Астананың әлеуметтік жағдайына, астаналықтар тұрмысын жақсартуға арналған арнайы жүйенің жұмыс істеу тетіктерімен таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Астанада геоақпараттық жүйені енгізу бойынша жобаны іске асыру басталды. Атап айтқанда, біз Астанада бар ғимараттар бойынша мәліметтер базасын қалыптастырамыз. Бұл - әлеуметтік нысандар санатындағы мектеп, аурухана және емханадан бастап, тұрғын үйлерді, инфрақұрылымды әрі көліктік тораптарды қамтитын ауқымды жүйе деген сөз», - дейді Олжас Сартаев.

Оның айтуына қарағанда мұндай жинақталған жүйелі мәлметтер арнайы картада орналастырылатын болады.

«Барлық деректерді картада шоғырландырған кезде, қаланың қай ауданында мектеп, аурухана және балабақша жетіспейтіндігі туралы жағдайды жеңіл анықтауға мүмкін болады. Мұнымен қоса, бұл жүйемен жол-көлік оқиғалары мен вирустардың және инфекциялардың таралуы ахуалына мониторинг жүргізуге болады», - дейді компания басшысы.

Сонымен қатар, Олжас Сартаев бұл геоақпараттық карта арқылы елорданың қай жерінде қандай оқиға орын алып жатқанын, қай ауланың қары тазаланбай, қай көшеде кептеліс көп болып тұрғанын анықтауға да мүмкіндік бар екенін айтты.

«Осы мүмкіндіктер арқылы балабақша мен мектеп құрылысына сұраныс артып отырған жерлер, қоғамдық көліктің желісін оңтайландыруға қатысты мәселелерге нақты баға беріледі. Жүйеде тәуекелдерге талдау жасау мүмкіндігі қаланың инвестициялық тартымды аймақтарын анықтауға жол ашады, осы арқылы біз инвесторлардың табыстылығына кепілдік бере аламыз», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, форум аясында "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Астананы өзге қалаларға үлгі етсе, қала басшысы Әсет Исекешев Астананың 20 жылдағы жетістігін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер