BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ОҚО-да жылына 33 мың тонна шұбат пен қымыз өндіретін зауыт салынады

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында қымыз бен шұбат өңдеу зауытының іргетасы қаланды. Бұл жоба Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 60-шы қадамында сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту міндетін іске асыру аясында қолға алынып отыр, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Өңірдегі сүтті дайындау жөнінде ауыл шаруашылық кооперацияны дамытуға серпін беретін зауыттың жалпы құны 7 млрд. 456,5 млн. теңгені құрайды. Зауыт толық қуаттылығына енгенде тәулігіне 100 тонна түйе және жылқы сүтін қайта өңдеп, осы өнімнің ұнтағын шығарады. Өндіріс орнының жылына 33 мың тонна сүтті өңдеуге мүмкіндігі бар. Жоба бойынша алғашқы кезеңде 170 адам жұмыспен қамтылмақ.

Ұлт жоспарында сонымен қатар, «үш жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдерінің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету» жайы айтылған.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев таяуда аталған жобаға қаржы салатын «Golden Cаmеl Group LTD» компаниясының құрылтайшысы Янг Цимен кездесіп, маңызды жоспарды талқыға салды. Инвесторлармен келісімге жүргізіп, өндіретін өнімдері үлкен сұранысқа ие бола алатын зауыттың құрылысын бастау жөнінде ортақ шешімге келді. Жергілікті атқарушы орган тарапынан кәсіпорынға 5,5 га. жер телімі бөлініп, мемлекет есебінен инфрақұрылымын жеткізу жоспарланған.

Алдағы уақытта компания басшылығы осында түйе және жылқы шаруашылығымен айналысуды да көздеп отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер