BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ОҚО-да қорғасын концентратын және жанар-жағармай тарату колонкасын шығаратын зауыт ашылады

Оңтүстік Қазақстан облысында түркиялық инвесторлармен құны 12 млн. АҚШ доллары болатын екі жоба жүзеге аспақ. Мұндай келісімге түрік бизнес-құрылымдарының жетекшілері бастаған делегацияның Астана қаласына жасаған жұмыс сапары кезінде қол жеткізіліп отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Түрік бизнес–құрылымдарының жетекшілері бастаған делегацияның Қазақстанға жасаған сапары кезінде Астанада «Оңтүстік» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы мен түркиялық бизнесмендер арасында құны 12 млн. АҚШ долларын құрайтын инвестициялық екі құжатқа қол қойылды.

ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, күнгейдегі қазақ-түрік индустриалды аймағында осы жылы іске асырылатын жобаның бірі - қорғасын концентратын өндіретін түркиялық Merkez Asia Madencilik компаниясының зауыты (құны 2 млн. АҚШ доллары) болса, екіншісі - құны 10 млн. АҚШ доллары болатын Petronet Otomosyon компаниясының жанар-жағармай тарату колонкаларын шығаратын зауыты.

Бүгінде аумағы 50 гектарды алып жатқан «Қазақ-түрік» индустриалды аймағында жалпы құны 37,5 млн. АҚШ долларын құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобалар іске қосылғанда жаңа 900 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, жыл соңына дейін аталған индустиалды аймақта «Gold Aluminum» ЖШС-нің ПВХ профильдері мен ПВХ және алюминийден жасалған мөлдір конструкцияларды өндіретін шағын цехы іске қосылады.

Еске салсақ, 9 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Түркияның бизнес құрылымдарының өкілдерімен кездесуі өткен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер