BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нидерланд компаниясы Алматы облысында картоп өңдейтін зауыт салады – KazakhInvest

ҚР Парламенті Сенатының экономикалық саясат, инновациялық және кәсіпкерлік комитетінің отырысында «KazakhInvest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Мейіржан Мәйкенов Нидерландының «Farm Frites» компаниясы Алматы облысында зауыт салатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Комитетте «ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсеке қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында Қазақстан экономикасына инвестициялар тартудың өзекті мәселелері» тақырыбында өткен дөңгел үстелде Мейіржан Мәйкенов аталған компанияның картоп өнімдерін өндіруге маманданғанын жеткізді.

«2018 жылға жоспарда 16 жобаны іске қосу көзделген. Олардың арасында Нидерландының «Farm Frites» трансұлттық корпорациясының жобасына тоқталайын. Олар картоп өнімдерін өндіруге маманданған. Аталмыш компания әлем бойынша «McDonalds» жүйесіне ресми өнім жеткізуші болып саналады. «Farm Frites» иелігінде картоп өнімдерін өндіруге бағытталған ірі алты зауыты бар. Енді жетінші зауыт Алматы облысында салынады. Зауыттың қуаттылығы 70 мың тоннаны құрайды. Ал зауыт өндірілетін өнімнің 80 пайызы ресейлік нарыққа экспортталатын болады», - деп түйіндеді сөзін басшы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер