BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев Құрық порты туралы: Енді Қазақстан барлық теңізге шыға алады

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні» атты ұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы Құрық портындағы порамдық өткелді іске қосты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Құрық портында порамдық өткелді іске қосып отырмыз. Құрық порты Құрық-Баку-Грузия-Түркия (Босфор бұғазы арқылы) — Еуропа маршурутында жұмыс істеуге дайын. Енді Қазақстан тек құрлықтық мемлекет ғана емес, ол барлық теңіздерге шыға алады», — деді ол.

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев елде салынған автокөлік жолдарының маңыздылығына тоқталды.

«Индустрияландыру және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалар арқылы Қазақстанның барлық өңірінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Аталған бағдарламалар арқылы біз 4 500 тас жолды салдық. Енді тағы да 4 500 тас жол салу керек. Біз толығымен Қазақтанның көлік инфрақұрылымын өзгертудеміз», - деді Президент.

Сонымен қатар, Елбасы Маңғыстау облысындағы Құрық портындағы порамдық өткелді іске қосқан азаматтарға алғысын білдірді.

«Сіздер ұлы мақсатты орындадыңыздар. Ұрпақтарымызға мәңгілікке қалатын мұраны сіздер жасап жатырсыздар. 50-100 жыл өткенде осы жолдармен ұрпақтарымыз жүреді. Олар бабаларымыз салып кеткен деп айтатын болады. Осындай жобаға қатысу арқылы елге үлкен жақсылық жасап жатырсыздар», — деп түйіндеді сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер