BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысын аралады

Парламент Мәжілісінің депутаттары өңірлерге іс-сапар барысында Оңтүстік Қазақстан облысында болып, тұрғындармен жүздесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агентігі.

Халық қалаулылары Майлыошақ елді мекеніндегі индустриялдық аймақ жұмысымен танысты. Олардың қатарында депутаттар, «Нұр Отан» Партиясы фракциясының мүшелері Қайназаров, Жылқышиев, Айсина, Оспанов, Ахметов, Жаилғанова, Қаратаев болды.

«Қазығұрт» индустриялық аймағының жалпы көлемі 12,36 гектар жерді қамтыған. Мұнда 1,9 млрд теңгені құрайтын 7 жоба бойынша жер телімі берілген. Нәтижесінде 154 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім еткендей, одан кейін депутаттар «Сапа-2020» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тыныс-тіршілігімен танысып, жұмысшылармен кездесті. Жүздесу барысында Елбасының бастамасымен қолға алынып жатқан маңызды міндеттер әңгіме өзегіне айналып, депутаттар заң шығармашылық қызметі жөнінде де кеңінен баяндады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер