Мамырда Астанаға жаңадан 380 қоғамдық көлік әкелінеді - Индустрияландыру|12 Қаңтар 2017, 13:07
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мамырда Астанаға жаңадан 380 қоғамдық көлік әкелінеді

Бұл туралы Астана әкімдігінде 2017 жылға арналған елорданың көліктік кешенінің даму бағдарламасы көрсетілген қоғамдық тыңдауда қала әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді, дейді BAQ.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда қай қала болмасын қоғамдық көлік шаһардың даму қарқынында өте маңызды рөл атқарады.

«Бүгінгі таңда Астана қаласында автобустарды сатылап жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың мамыр айында 380 автобустың келуі күтілуде. Қоғамдық көлікке арналған жолдың ерекшеленген "Bus Lane" жолақтарын енгізу жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы қозғалыстың орташа жылдамдығын 22% үлкейтуге мүмкіндік беретін, жалпы ұзындығы 64,7 км құрайтын 24 жер телімін қосымша енгізу жоспарлануда» - дейді Астана қаласының әкімі.

Сонымен қоса аялдамалық кешендерді модернизациялау бойынша бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстары да жалғастырылмақшы.

Азаматтардың пікірін білу үшін елорданың көлік кешенінің дамуы жөніндегі 2017ж. Көзделген мақсаттар бағдарламасын талқылау нәтижелері HYPERLINK "http://astana.gov.kz/" \t "_blank" astana.gov.kz Астана қаласының Əкімшілігі сайтында орналастырылатын болады. Барлық ұсыныстар мен толықтырулар 2017ж. 1 ақпанына дейін Астананың тұрақты дамуы мен астаналық англомерация Кеңесі секретариатымен HYPERLINK "mailto:info@suraa.kz" \t "_blank" info@suraa.kz немесе HYPERLINK "tel:+7%20700%20717%202109" \t "_blank" +7 700 717 21 09 what'sapp нөміріне хабарлама ретінде қабылданатын болады.

Бағдарлама қоғамдық өкілдер мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды ескере отырып бекітілетін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер