BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту аса маңызды – Т.Сүлейменов

Фото: Шыңғыс Қаппаров

Былтыр көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға 56,4 млрд теңге бөлінген. Оны квазимемлекеттік сектор толық игерген. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, логистикалық инфрақұрылымды дамытуға бөлінген қаржы толық игерілген.

«Мәселен, бөлінген қаражат Астана әуежайының жаңа терминалының, ішкі инженерлік желілердің құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстарын аяқтауға, сонымен қатар технологиялық жабдықты жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, өткен жылы Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы «ҚТЖ ҰК» АҚ жүзеге асыратын ең ірі нысандардың іске қосылуына рұқсат берді. Онда Алматы-Шу учаскесінде екінші теміржол жолдарының және Құрық портындағы паром өткелінің құрылысы қамтылмақ, бұл Қазақстанның экспорттық-транзиттік әлеуетіне оң ықпалын тигізіп, Еуропа және Таяу Шығыс елдеріне шығуына жол ашады», – дейді Ұлттық экономика министрі.

Айта кетейік, Үкіметте Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы жөніндегі жиын өтуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер