BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қостанайда индустриялдық аймақ ашылды

Фото: Автор

Бүгін Қостанай қаласының іргесінде орналасқан индустриялды аймақта әкімшілік кешені пайдалануға берілді. Оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов және Қостанай өңіріне қомақты қаражат құйып отырған инвесторлар қатысты, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

Индустриялды аймақтағы әкімшілік ғимаратының ашылу салтанатына келген өңір басшысы бұл аумақтың еліміз бен облыс үшін өте маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Сондай-ақ ол осы аумақта салынып жатқан лифт зауытының құрылысымен де танысты. Қостанайда бой көтеретін аталмыш зауыт іске қосылғанда еліміздің ішкі нарығымен қатар көршілес жатқан Ресей, Еуропа, Азия мемлекеттеріне де экспорттау жоспарда бар. Зауыт келесі жылдың мамыр айында іске қосылады.

«Бұл өздеріңіз көріп тұрғандай Қостанайда салынып жатқан лифт зауыты Қазақстанмен Ресейдің бірлескен кәсіпорны негізінде құрылмақ. Жобаның жалпы құны 900 млн теңге. Аталмыш зауыт іске қосылғанда елу адамды тұрақты жұмыспен қамти аламыз. Аталмыш зауыттың құрылыс жұмыстарында ешқандай қиындықтар жоқ. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы арқылы қаржыландырып жатыр. Зауытқа қажетті инженерлік инфрақұрылымдар тартылған дейді», - «ВЕК» ЖШС бас директоры Михаил Молочников.

Одан кейін облыс әкімі Қостанай қаласында ашылған индустриялды аймақтың әкімшілік ғимаратында инвесторлардың басын қосып ауқымды жиын өткізді. Қостанай өңіріне өз қаражатын құйғысы келетін жаңа инвесторлармен танысты.

«Бұл индустриялды аймақта алдағы бес жылда ірі кәсіпорындар бой көтеріп, облыстың экономикасына сүбелі үлестерін қосады. Бүгінгі ашылып отырған бұл әкімшілік ғимараты инвесторлар үшін ең қажетті нысынға айналмақ, өйткені бұл жерде оларға қажетті мекемелердің өкілдері отырып бір терезе қағидасында жұмыс істемек. Бұл өз кезегінде қағазбастылықты жойып шаруаларын шешіп алуға таптырмас мүмкіндік береді», - дейді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.

Фото: Автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер